Израиль парламенті өзін-өзі таратып жіберді

350

0

Израиль парламенті діншілдерді армияға шақыру туралы заң жобасының төңірегіндегі пікірталастарға байланысты өзін-өзі тарату туралы шешімді бекітті. Бұл туралы сәрсенбіде Каn радиостансасына сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

Қоғамдық пікірді білу үшін жүргізілген сауалнамалардың қорытындыларына қарағанда, сайлауларда ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы көшбасшы болмақ.

Парламенттің таратылуына парламентарийлердің ел армиясына ортодокстық еврейлерді шақыру туралы заң жобасы төңірегіндегі пікірлерініңдің шиелісі себеп болған. Бұл бастаманы Нетаньяху көтерген еді.

Үкімет басшысы 61 депутаттың қолдауына қол жеткіземін деп ойлаған, ол заңның қабылдануы үшін жеткілікті болар еді. Алайда, іс жүзінде басқаша өрбіді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<