Нұрлан Әлімжанов басшылық қызметке тағайындалды

329

0

 Мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне елорданың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Иә, рас. Бүгіннен бастап тағайындалды», – деді басқармадағылар.

Нұрлан Әлімжанов 2019 жылы жазда мәжіліске депутат болып келді.

Ол 1984 жылы 29 сәуірде өмірге келді. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. «Елбасы жолы» киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.

2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Алайда Әлімжанов төменгі палатаның жаңа құрамына енген жоқ.

2021 жылы қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында шенеуніктің мердігерден 10 миллион теңге пара алғаны анықталды.

Сыдықов мәдениет басқармасының басшысы болып 2019 жылы тамызда тағайындалды. 2020 жылы маусымда оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз