Өрт кезінде баласынан айырылған отбасыға үй берілді

930

0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан бір жастағы баласынан айырылған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты.

 – Орын алған қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын! Періштенің жаны жәнәтта, топырағы торқа болсын! – деді аймақ басшысы.

Қорлардың демеушілігімен жиналған қаржыға өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына Арай шағын ауданынан 6 бөлмелі жаңа жер үй берілді. Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.

Еске салайық, 2021 жылдың 18 ақпанында Әл-Фараби мөлтек ауданы 13-көше 11-үйде өрт оқиғасы орын алды. Аталған мекен-жайға шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника 16 қызметкер жұмылдырып, толық өшірілді.

Өрт салдарынан 2020 жылы туылған Төреханқызы Ардақ есімді нәресте қайтыс болды.

Сонымен қатар, анасы 1993 жылы туылған Тоқбергенова Дамира 1- дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және
екі алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы қалыпты деңгейде.

Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық-түлік, мектеп құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<