Саясат сахнасында жүрген көпбалалы әкелер кімдер?

359

0

Қазақстанда кәмелетке толмаған төрт баласы бар отбасы – көпбалалылар қатарына жатады. Олардың тізіміне қарапайым халық қана емес, жоғары лауазымды қызмет атқарып жүрген тұлғалар да бар деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бауыржан Байбек 

Саясатта жүрген көпбалалы әкелердің бірі – «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. 45 жастағы әке бес бала тәрбиелеп отыр. Жұбайы – Жанар Байбек.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкенттің экс-әкімі  Ғабидолла Әбдірахымовтың 4 баласы бар: Әсел (1998), Аделя (2003), Алтынай (2009) және Әлихан (2004). Жұбайының аты-жөні – Данара Әбдірахымова.

Мағзұм Мырзағалиев

Ел демографиясына үлес қосып жүргендердің бірі – экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. 40 жастағы шенеунік жұбайы Айым Мырзағалиевамен 5 бала тәрбиелеп отыр.

Елжан Біртанов

Көпбалалы атқамінерлер тізіміне денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та жатады. Министр қазір 48 жаста, 4 баласы бар.

Жеңіс Қасымбек

Облыс әкімдерінің арасында да көпбалалы әкелер баршылық. Соның бірі – бір ай бұрын Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған Жеңіс Қасымбек.

44 жастағы шенеуніктің Ақерке, Жансая, Ләйлім және Мәди есімді төрт баласы бар. Жұбайы – Ақжан Қасымбек.

Нұрлан Ноғаев

Атырау облысы әкімінің 5 ұлы және бір қызы бар. Әйелі – Бағдагүл Ахметова.

52 жастағы Нұрлан Ноғаев Атырау облысын 2016 жылдың көктемінен бері басқарады. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.

Қуанышбек Ысқақов

Осы жазда Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақов та көпбалалы саясаткерлердің қатарында. 51 жастағы өңір басшының 5 баласы бар.

Серікбай Тұрмов

Маңғыстау облысының әкімі де 5 бала тәрбиелеп өсірген. 55 жастағы атқамінер мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

Тұрмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне 2019 жылдың 13 маусымында тағайындалған болатын. Әр жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен әкімі, Ақтау әкімі, Маңғыстау облыстық маслихаттың хатшысы қызметтерін атқарған.

Болат Бақауов

Павлодар облысын басқаратын Болат Бақауов – бес баланың әкесі. 48 жастағы шенеунік әр жылдары  Ақсу қаласының әкімі, Павлодар қаласының әкімі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты қызметтерін атқарды. Бір кездері жеке кәсіпкер де болған.

Құмар Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың да 5 баласы бар. 54 жастағы Ақсақалов облысты 2017 жылдың 14 наурызынан бері басқарады. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<