Жаңа басшы келді

557

0

Облыс әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы тағайындалды.

Б.Ахмет 1979 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Көлік қызметі» мекемесінің инженері ретінде бастаған.

2003-2007 жылдары – Қызылорда қаласының әкімдігінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.

2007-2015 жылдары – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<