Білім саласы жылды қорытындылады

1656

0

Сынаптап сырғып өткен 2021 жыл білім саласы үшін айрықша әрі тосын шешімдер қабылдауға тәуекел еткен жыл болды. Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында табысты жетістіктерді саралап, үздіктерді марапаттау үшін Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесе жылдың қорытынды кеші өткізілді.

Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, білім саласының майталман ардагер ұстаздары мен білім жанашырлары, педагогтар қатысты.

Жылдың қорытынды кешінің алғы сөзін Ақзира Бақтыбайқызы ашып, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, басқарма басшысы жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстар мен жеткен жетістіктерді атап өтіп, біршама білім саласының қызметкерлеріне төсбелгі мен алғыс хаттар табыстады.

– Аймағымыздың білім саласы жылды табысты қорытындылап отыр. Тың жоба, серпінді бағдарлама, ілкімді істердің барлығы – зияткер ұрпақ тәрбиелеудегі нақты қадам. Саннан сапаға, сөзден іске, жоспардан әрекетке көшіп, өздеріңізбен бірталай жетістікке қол жеткіздік. Жаңа жыл жарқын жетістіктерге, толайым табыстарға толы болсын!, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Жиында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен – Серікбаев Ғани Карбозұлы, Айтимова Райхан Кенжебайқызы марапатталса, Жанна Құрмантайқызына ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білімберу ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды.

Сонымен қоса, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісі, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белгісі,    «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін жергілікті ерекшелік белгісі» мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Басқарма басшысы Ақзира Бақтыбайқызы мен комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы аймағымыздың абыройын асқақтатып жүрген республикалық байқау жүлдегерлеріне арналған «Жыл үздігі» және жыл қорытындысы бойынша тынымсыз еңбек еткен қызметкерлер мен білім жанашырларына «Жыл жаңалығы», «Қуатты қалам», «Жаңалық жаршысы», «Ақпарат үздігі», «Білім шыңы», «Зерделі зейін», «Білім жанашыры» атты арнайы номинацияларын табыс етті.

Сонымен қатар, жыл көлемінде табысты жұмыс жасап, жетістіктерге жеткен үздік білім ошақтарына Үздік әлеуметтік әріптес, Үздік идеялар жаршысы, Үздік ұйымшыл ұйым номинацияларымен директорлар марапатталды.

Шара соңында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<