Бірлескен бастамалардың берері мол

825

0

«Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Ә.Мұхаметжанова Сыр өңіріне сапармен келіп, іскерлік кездесу өткізді. Басқарма төрағасы іссапар барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында филиалдың атқарған қызметі, профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-әдістемелік жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы кездесуде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» алдында тұрған жаңа міндеттер туралы, біліктілік арттыру жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері жайлы мағлұмат берді. Институттың әрбір қызметкері, өз кезегінде көтеріліп отырған өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын айтып, ашық пікір алысты.

Сондай-ақ, іссапар аясында басқарма төрағасы облыстық білім басқармасының басшысы А.Қасымовамен, қалалық білім бөлімінің басшысы Д.Баймұрзаевамен кездесті. Кездесуде педагогтердің біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, білімді меңгертудегі қабілеттілік және іскерлік, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі жаңалықтар, білім сапасын арттыру және білім саласындағы соңғы өзгерістер туралы маңызды мәселелер талқыланып, екі тараптан да ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Басқарма төрағасы облыстық білім басқармасы басшысының тарапынан ұсыныстардың ескерілетінін және алдағы уақытта біліктілік арттыру курстарында мұғалімдердің білім алуы мен кәсіби дағдысын қалыптастыруға жүйелі жұмыстардың жоспарланып отырғанын жеткізді. Кездесу соңында екіжақты серіктестікте еліміздің білім сапасын арттыру және педагогтердің құзыреттілігін арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс жасау жөнінде келісілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<