«Мектепке жол»: Балалар оқу жылына қаншалықты дайын?

950

0

Оқушылар оффлайн оқуға оралады. Ата-ана алдында бір жылдан астам уақыт бойы білім ошағының бетін көрмеген балаларын жаңа оқу жылына дайындау мәселесі тұр.

Әсіресе, балалы-шағалы отбасыға әжептәуір салмақ түсетіні түсінікті. Бұл ретте «Өңірде қанша балаға қолдау көрсетілді, балалар қаншалықты дайын?» деген сауал туындайды.

Оған облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова былай жауап берді.

Тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қала мен аудандар бойынша бюджет және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 8605 балаға көмек берілген. Оның ішінде бюджет есебінен 5283 балаға, демеушілік есебінен 3322 балаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар «ҚазГерМұнай» компаниясы 320 балаға, «Сыр мейірімі» 100 балаға, «Ел Арай» қоры 137 балаға, Қызылорда қалалық әкімдігі 145 балаға, облыстық басқармалар 23 отбасыға қол созды, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Ақзира Бақтыбайқызы шектеу шараларына байланысты оқу орындарындағы ауысым мен жұмыс режимі белгіленіп, үш ауысымда оқитын мектептерде балалардың бір мезгілде шоғырлануын болдырмау мақсатында негізгі пәндерді дәстүрлі түрде оқытса, қосымша пәндерді онлайн форматта оқыту ұсынылып отырғандығын жеткізді.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында 294 мемлекеттік және 10 жеке мектепте 177 196 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 сыныпқа 18 276 бала қабылданған.

Мөлдір СНАДИН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<