Облыс әкімінің орынбасары ҰБТ өтетін білім базасының жұмысымен танысты

951

0

Биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсырады. Білім сынағы тестілеу базасында өткізіледі. Ол үшін Қызылорда облысында 4 тестілеу пункті әзірленген.

Ал, Қызылорда қаласында ұлттық бірыңғай тест «Ustudy» білім беру базасында ұйымдастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова «Ustudy» тестілеу базасына арнайы барып, орталық жұмысымен танысты.Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірде ұлттық тестілеуге дайындық барысын, тестілеу пункттерінің әзірлігін баяндады. Сонымен қатар, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің форматына қатысты негізгі өзгешеліктерді атап өтті.

Айта кетейік, биыл 7006 түлек 11 сыныпты аяқтайды. Оның 90 пайызы ұлттық тестке қатысады жоспарланып отыр. Биылғы жылдың басты ерекшелігі – түлектер ұлттық тестті екі рет тапсыруға мүмкіндік алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<