Қазақстанда дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы төленуі мүмкін

4187

22

Дене шынықтыру мұғалімдері сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы алуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 64-тармағын орындау аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспары әзірленді. Бұл жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары толық ескерілiп, ҚР Премьер-Министрімен бекітілді. 2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзiнiң Жарлығымен халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту деңгейін 35% – ға дейін арттыруды тапсырған болатын. Бұл кешенді жоспар осы көрсеткішке қол жеткізуді және халықтың дене шынықтыру мен спортпен айналысуы арқылы салауатты өмір салтына ұмтылысын қалыптастыруды көздейді», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда халықтың барлық жас санаттары арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуды және балалар үшін спорттық инфрақұрылымға барынша қол жеткізу жөніндегі шаралар қамтылған. Кешенді жоспар 34 тармақ пен 5 негізгі бағыттан тұрады: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, мектеп және студенттік спорт, спорт желілерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен тарату, спорттық-бұқаралық іс-шаралары.

Бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында кешенді жоспарда негізгі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының 8 заңнамалық актісіне 33 түзету енгізе отырып, бұқаралық спорт жөніндегі заң жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді.

«Заң жобасына дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы енгізіліп отыр. Сондай-ақ, заң жобасында ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша шаралар көзделген. Білім берудің барлық деңгейлерінде дене тәрбиесі бойынша сабақтарда дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент көзделіп отыр», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Пікірлер:
  • Өте орынды жас ұрпақты толық спортпен айналысуына оның ішінде олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерін енгізсе жақсы болар еді

  • Жақсы бастама спорттың дамуы артатын болады. Емесе мектептерде ақысыз өтіліп жатқан спорт түрлері бар, ақысыз болғасын нәтиже қатты болмайды. АУЫЛДА Ата ана толеуге қаражаты жетпейді.

  • Осы заң күшіне енсе дұрыс болар еді. Спорт дамымаса еліміздің дамымуына әсері тиеді деп ойлаймын. Қосымша үстемақы алсы мұғалімде стимул пайда болады.

  • 2015 жылы осындай бастама болып едi,бухаралык спортты дамыту жонiнде,дене шыныктыру панi мугалiмдерiне косымша 45% толенген,артынша токтап калды белгiсiз себептермен,кайта колга алынып жатса жаксы.

  • Ауылды жерлерде спорт кешендер және спорт залдар қажет. Ауылда небір жігіттер жүр тепсе темір үзетін, сол үшін ауылға қолдау көп қажет.

  • Өте дұрыс шешім деп есептеймін. Бұқаралық спорттың дамуына бірден бір жол. Мектептегі дене шынықтырудың, оның ішінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін міндетті түрде керек. Себебі, ақысыз негізде жүргізілген үйірменің аты барда, зат жоқ…

  • Өте дұрыс шешім деп есептеймін. Мектептегі дене шынықтырудың, оның ішінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін міндетті түрде керек. Себебі, ақысыз негізде жүргізілген үйірменің аты барда, зат жоқ…

  • Негізі келешек, дені сау, рухы биік ұрпақтың қолында. Бұған дене шынықтыру пәнінің ықпалы өте зор. Пән мұғалімдеріне үстем ақы төлеу орынды. Себебі әр мұғалім, өзінің таңдаған спорт түрімен оқушыларын белсене жаттықтыру, әр бір баланың рухын көтереді.

  • Дұрыс шешім.Жүзеге асса оңды болар еді.3₸ жылдың үстінде мектепте дене шынықтырудан спбақ беріп келемін.Дене шынықтыру мұғалімдері балалармен ақылы да,ақысыз да үйірмелерді,сыныптан тыс шараларды да үнемі жүргізіп келеді.Қазіргі кезде балаларды компьютер,планчет дегендерден бір мезгіл дем алдырып,спортпен саналы түрде айналысатындай дәрежеге жеткізуіміз қажет.Бүгінгі ұрпақ саулығы-ел болашағының кепілі.Дені сау баладан ғана рухы мықты,еркін ойлы азамат,ел қорғайтын жауынгер шыұпақ.Сондықтан дер шағында қабылданған шешім болар еді деп ойлаймын.Тәжірибелі сплрт ардагері ретінде бұл шешімді қолдап,қуаттаймын.

Пікір жазыңыз