Қуаныш Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды

356

0

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, дер хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастады.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары — Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019-2021 жылдары Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусымынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі болды.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тағы бір орынбасары тағайындалған болатын.