Университет грант таратуды бастады

544

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады.

 Биыл бұл шаңырақта 9 талапкер жоғары оқу орнына түсуге дайындықта. Шара барысында университет Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар университет ректоры балаларды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде білім алуға шақырып, өздері таңдаған мамандық бойынша 4 жыл тегін оқу сертификаттары мен оқу орны туралы кітаптарды табыс етті.

 «Университетте білім алушыларды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Мәселен 2020-2021 оқу жылында  университеттің 260 білім алушысына жеңілдіктер тағайындалды. Соның ішінде жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар және «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының түлектеріне  – 10 білім алушыға 100%  жеңілдікпен университет гранты берілді» – деді университет ректоры.

Айта кетейік Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жыл сайын «Атамекендік» балаларға тегін грант үйлестіруді дәстүрге айналдырып келеді. Сонымен қатар, «Ақжайық» үйін университет өз қамқорлығына алған. Яғни балалармен достық қарым-қатынас орнатып, түрлі шараларды бірге өткізеді.

Ступновский Роман, грант игері:

Бүгін бізде қос қуаныш! Бірі балаларды қорғау күні мерекесі болса, екіншісі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тегін білім беру грантына ие болдық. Қуанышымызда шек жоқ. Университет ұжымына алғысымыз шексіз.  Енді біз еш уайымсыз оқуға дайындаламыз. Өзім спортқа жақынмын. Түрлі спорттық үйірмелерге қатысқанды жақсы көремін. Болашақта денешынықтыру пәнінен сабақ берсем, тренер болсам деген ойым бар.

Әуезханова Мариям, грант иегері :

Өзім армандаған  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  университетінің табалдырын аттағалы тұрмын.Себебі бүгін дәл осы университеттің грант иегері атандым. Маған дизайнер Ая Бапанидің стилі, жұмыстары қатты ұнайды. Ару Наз есімді дизайнердің киімдерін сызсам деген арманым бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз