14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

212

0

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні жыл сайын канадалық дәрігер және физиолог Фредерик Бантингтің туған күнінде аталып өтеді, ол ол 1922 жылы дәрігер Чарльз Бестпен бірге қант диабетімен ауыратын адамдардың өмірін сақтайтын инсулин препаратын жасады.

Қазақстанда қант диабетін емдеу тегін. Қант диабеті әлеуметтік маңызды ауруларға жатады, яғни мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов түсіндіріп өткендей, егер учаскелік дәрігер / терапевт динамикалық бақылауға жататын осы созылмалы ауруды анықтаса, барлық азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) бірқатар медициналық қызметтер қолжетімді. Бұл бейінді дәрігерлердің кенесі, диагностикалық тексерулер, күндізгі және тәулік бойы стационарларда емдеу, паллиативтік көмек (ауыр сырқаттармен ауратын науқастарға демеуші терапия) және басқа да медициналық қызметтер.

Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 666 бұйрығына сәйкес, қант диабетімен ауыратын науқастарға 23 дәрі-дәрмек және 7 медициналық мақсаттағы бұйым, оның ішінде шприц – қаламға арналған инелер, бір реттік инсулиндік шприцтері, несептегі кетондіқ денелерді анықтауға арналған тест-жолақтары, қандағы глюкозаны анықтауға арналған тест-жолақтары, инсулин помпалары, инсулиндік помпаларға арналған инфузиялық жинақ, инсулиндік помпаларға арналған резервуар тегін беріледі. Барлығы әртүрлі мөлшерде және көлемде.

Басқаша айтқанда, шұғыл араласуды және байыпты мемлекеттік реттеуді талап ететін барлық нәрсе ТМККК есебінен, ал тегін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша қызметтер – МӘМС есебінен қамтамасыз етіледі.

Көпшілігінде қант диабеті скрининг кезінде анықталады. Осыған байланысты дәрігерлер оны назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Шынында да, кез-келген сырқаттың диагнозы ертерек анықталса, емдеу соғұрлым сәтті болады.

Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы I және II типті қант диабетінің 2 294 жағдайын емдеуге 319,7 млн.теңге бөлді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

облыс бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз