Адам өміріне араша болған мамандар

955

0

Пандемиямен күресте сырбойылық ақ халаттылар аянбай еңбек етті. Олар өз жанұяларының қауіпсіздігін, науқастардың денсаулығына айырбастады. Ең бірінші орынға науқас жандардың сауығуын қойды. Мәселен көпбейінді облыстық ауруханасының 6 және психикалық денсаулық орталығының 4 қызметкері жоғарғы марапат төрінен көрінді.

Пандемия кезінде көпбейінді облыстық аурухананың фильтр бөлімінде 180 төсек орын дайындалған. Оның ішінде, жаңсақтау палатасында 20 төсек орын және ота залы ашылып, жабдықталды. Сонымен қатар, фильтр және қабылдау бөлімдерінде 150 медицина қызметкері жұмыс істеді.

– Ауруханада 15373 науқас емделді. Бұған қоса, пандемия кезінде 30 төсек орынға арналған инфекциялық бөлім ашылып, 87 науқас ем алды. Қабылдау және фильтр бөлімдеріне 144 дана орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды. Мұнан өзге, облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Яғни, 326 оттегі розеткасы, цифрлық жылжымалы рентген, «С-дуга» рентген-аппараттары, 3 наркоз және жансақтау төсек орыны, 9 ИВЛ аппараты алынды,-деді Көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұридин Амитов. -Індет өршіген уақытта облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты «Сейхун» провизорлық стационары ашылып, 1 ай жұмыс істеді. 1000-ға жуық науқасты қабылдап, медициналық көмек көрсеттік,-деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Гүлайым Сейілханова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<