Әлеуметтік қорғау әлеуеті

420

0

Қазақстанда базалық, мін­дет­ті және ерікті деңгейде мем­лекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің арасындағы жауап­керші­лікті бө­луді көздейтін әлеу­меттік қамсыздан­дырудың көпдең­гейлі моделі қызмет атқа­рады.


Міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жұмыс істейтін азаматтарды қамтиды және Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс берушілердің ай сайын аударатын әлеуметтік ау­да­рымдары есебінен қамта­ма­сыз етіледі. Түс­кен әлеумет­тік аударымдар қатаң түрде мақ­­сатты тағайындалуы бойынша туындаған әлеуметтік тәуекел­дердің 5 түріне төленетін әлеу­меттік төлемдерге жұмсалады.


Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға және асырау­шы­сынан айырылған асырауында­ғыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік базалық жәрдем­ақыларға қосымша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асы­рылады. Бұл ретте, еңбекке қа­білеттілігінен айырылуы бо­йынша төлемдердің ұзақтығы адам еңбекке қабілеттілігін қал­­пына келтіргенше немесе жал­­пыға бірдей белгіленген зей­нет жасына жеткенге дейін 45 жылға созылуы мүмкін, ал асы­раушысынан айырылуы бо­йынша асырауындағы адам кә­мелеттік жасқа толғанша не олар оқу орнын бітіргенге, бірақ 23 жастан аспайтын жасқа дейін төленеді.


Міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесі жұмыс істеген 16 жыл ішінде жұмыс істейтін аза­маттарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде 144 мыңнан аса адам мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша бюджеттен және МӘСҚ қаржысы есебінен мем­ле­кеттік жәрдемақы алады. Алу­шылардың төлемдері мен ең­бек өтілі арасындағы өзара бай­ла­нысты күшейту мақсатында 2020 жылы МӘСҚ-дан төленетін еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылуы бо­йынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері бір мезгілде орта есеп­пен 65% арттырылды.


Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған жәр­демақылар мен төлем­дердің мөлшері күнкөріс деңгейінің өсу­іне пропорционалды түрде өсті, яғни олардың сатып алу қабі­летін сақтау үшін 5% артты­рыл­ды. Мұндай арттыру жыл сайын жүргізіледі.


Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар соң­ғы 2 жылда жұмыс беруші­лер­­ден түскен әлеуметтік ау­­да­­рым­­дарға бай­ланысты МӘСҚ-дан жұ­мы­сы­нан айы­ры­луы жағдайына әлеу­­меттік төлем­­дер алады. Был­тыр аза­мат­тар жұ­мыссыз ретінде электронды тіркелуге және Электрондық ең­бек биржасы (www.enbek.kz) пор­талы арқылы әлеуметтік тө­лем тағайындауға өтініш беруге мүм­кіндік алды. Республика бойынша 100 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуы кезеңіне МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алды.


Сонымен бірге, ана мен ба­ланы қорғау мақсатында МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жа­ңа туған баланы асырап алу­ға байланысты кірісінен айыры­луы және бір жасқа толған­ға дейінгі бала күтіміне байланысты кірі­сінен айырылуы жағ­дайларына әлеуметтік төлемдер төленеді. Сонымен қатар, 2020 жылы осын­дай қолдау елімізде 700 мың­нан аса алушыға көрсетілді. МӘСҚ-дан бала күтіміне бері­летін әлеуметтік төлем өтініш бе­рушінің төлемге құ­қығы тура­лы sms-хабарламаға оң жауап беру жолымен проактивті түрде тағайындалуы мүмкін (егер өті­ніш берушінің ұялы телефоны­ның нөмірі мобильді азаматтар базасында болса).
Былтыр өңірде түс­кен әлеуметтік аударым­дар­дың сомасы 7181,6 млн теңгені құ­рады, бұл ретте төленген әлеу­меттік төлемдер түскен әлеу­мет­тік аударымдар көлемінен +36,1% артық (немесе 1,4 есе).


2020 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында МӘСҚ-дан 46466 алу­шыға жал­пы сомасы 9775,5 млн теңге әлеуметтік төлемдер жүргізілді, оның ішінде:


еңбекке қабілеттілігінен айы­рылуына – 604,0 млн теңге;
асыраушысынан айырылуы бо­йынша – 614,6 млн теңге;
жұмысынан айырылуы бо­йын­ша – 485,2 млн теңге;
жүктілікке және босануға – 3628,6 млн теңге;
1 жасқа дейінгі бала күтіміне – 4443,0 млн теңге.


Сондықтан, әлеуметтік қол­дау­ды қажет ете­тін мүгедек­тігі бар адамдар, асыраушы­сынан айы­рылған отбасы мүшелері, жұ­мыс­сыздар, жүкті әйелдер мен жас аналар әлеу­меттік тө­лем­дерді уақытында алу үшін әлеу­меттік аударым­дарды тұрақты түр­де, уақытылы, толық көлемде тө­леу өте маңызды.


Тұтастай алғанда, жұмыс істейтін адамдар бюджеттен мем­лекеттік әлеуметтік жәрдемақы және «Міндетті әлеуметтік сақ­тандыру туралы» ҚР Заңы­мен көзделген әлеуметтік тәуекел­дер туған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем ала отырып, жұ­мыс істемейтіндерге қара­ған­да едәуір басымдыққа ие бола­ды.


Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыра отырып және тұрғындардың жұ­мыспен қамтылуын ынталандыру арқылы бүгінде міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесі Қазақ­стан­дағы әлеуметтік-экономи­ка­лық қаты­настардың маңызды және қажетті элементі болып отыр.


Міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесі жөніндегі барлық қосымша сұрақтар бойынша www.gfss.kz сайтынан білуге бо­лады.

Облыс бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қоры» АҚ филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<