Аралдағы провизорлық бөлімшеден соңғы науқас сауығып шықты

461

0

Kyzylorda-news.kz. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты бүгін Арал қаласындағы провизорлық стационардан соңғы науқас емделіп шықты.

Арал қаласындағы провизорлық бөлімше 5 айдан астам уақыт ішінде 286 науқасты айықтырған. Науқастарға 22 медицина маманы қызмет көрсетіп, бірнеше ауысыммен тәулік бойы тынымсыз еңбек етті.

Стационар бүгін жұмысын тоқтатты. Қазір стационар ішінде дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<