БОЛЖАМ РАСҚА АЙНАЛСА, бәріне дайын болу керек

707

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың қатысуымен брифинг өтіп, медициналық ұйымдардың коронавирус індетіне қарсы дайындық жұмыстары туралы баяндалды.

– Қазіргі уақытта облыста коронавирус инфекциясымен ауырған және қарым-қаты­нас­та болғандарды бақылау мақ­сатында барлығы 210 ин­фекциялық төсек-орын қалды. Бүгінгі күні 48 науқас ем алуда, жүктеме 22,8 процентті құрайды. Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымының болжамы бойынша күзгі маусымда пан­демияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған орай облыстағы инфекция жұқтырған науқас­тарды уақытылы қам­тамасыз ету үшін дәрі-дәр­мек тізімі жасақталуда. Ті­зімді жасақтау барысында ко­ронавирус және вирустық пнев­мония науқас­тарына 1-ке­зеңде қолданылған дәрілік пре­параттар негізге алынды, – деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының ай­туынша, қажет болған жағ­дай­да 21 инфекциялық және про­визорлық стационар қайта ашылатын болады (жалпы саны 3000 орын). Сондай-ақ, 200 төсек-орынды тез соғылатын мо­дульді инфекциялық ауруха­на құрылысына жер бөлініп, қазіргі таңда дайындық жұ­мыстары жүргізілуде (аяқталу уақыты 01.11.2020 ж). Денсау­лық сақтау министр­лігіне 96 өкпені жасанды желдету (ИВЛ)  аппаратына сұраныс берілсе, Дүниежүзілік банкі арқылы 2 дана ИВЛ аппаратын алу  жоспарлануда. Ал жергілікті бюджеттен 4 флюро және 4 дана стационарлы рентген ап­паратын сатып алу көзделген.

Болжамды екінші толқынға 3500 медицина қызметкерінің резерві құрылған.

– Көпбейінді облыстық ауру­ханасы және Қазалы ау­дан­аралық ауруханасы жа­ны­нан демеушілік көмек ар­қылы оттегі станциясын құру жос­парлануда. Емдеу меке­ме­­леріне сұраныстары ар­қы­­лы демеу­шілік көмекпен ор­­та­лықтан­дырылған оттегі бе­ре­­­тін құрылғылар орнату жос­пар­лануда. Қыркүйек айында ли­зинг арқылы алынатын 40 дана автокө­лік күтілуде. Сонымен бірге, «Пет­роҚазақстан Құмкөл Ре­­сор­сиз» ком­паниясының де­меу­­ші­­лігімен Қазалы ауда­нында 1 оттегі станциясы са­лынады (жалпы құны 79,3 млн теңге). Осы станциядан Арал және Қармақшы аудан­дарын, Байқоңыр қаласын отте­гімен қамтамасыз ете аламыз. Екінші оттегі стан­циясы «ҚазГермұнай» компа­ниясының демеушілігімен көп­бейінді облыстық ауру­ханасы базасынан салынады. Бұл қала аумағындағы ауруханаларды және Сырдария, Жалағаш ау­дан­дарын қамтамасыз етеді. Ал үшінші оттегі станциясы Шиелі ауданында салынады. Қазіргі таңда қаражат мәселесі шешілуде. Жалпы індетпен күресудегі жұмыстар жалғасын таба бермек. Дегенмен, сақтық шараларын  қатаң ұстанатын болсақ, біз бұл індетті жеңеміз,– деді басқарма басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<