COVID-19: 12 науқас емделіп шықты

378

0

Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясынан 12 науқас емделіп шықты. Жалпы емделіп шыққаны – 3658. Ал жаңадан 11 жағдай тіркелді. Сегізі Қызылорда қаласынан, үшеуі Шиелі ауданынан анықталды.

Коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастардың жалпы саны – 3821. Ал олармен байланыста болғаны – 15705, тікелей қарым-қатынас – 12 957, ықтимал қарым-қатынас – 2 748.

Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 977 сынама, тексергені – 623, жұмыс жасалуда – 354. Қалдық тест саны – 17267. Эпидмаусым басталғалы бері 220377 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<