Денсаулық: «Жасыл аймақтамыз»

537

0

Былтыр еліміздің, оның ішінде өңірдің де денсаулық сақтау саласы үшін ауыр кезең болғаны белгілі. Белгісіз індет белең алған алғашқы уақытта отандық медицина абдырап қалғаны рас.

Өйткені дүниежүзінің озық елдерінің өзі тосыннан келген кеселмен күресте қиындықтарға тап болып жатқанда, біздегі жағдайдың басқаша болуы мүмкін емес те еді. Алайда, дұрыс қабылданған шешімдер, атқарылған нақты шаралар мен медицина қызметкерлерінің табанды күресінің арқасында кеселді еңсерудің сәті түсті.


Биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бо­йын­ша өңірде медициналық ұй­ым­дарға тіркелген халық саны 793184 адамды құраса, оның 267411-і, яғни, 33,7 про­центі – балалар. Тұр­ғын­дар­ға 23 ста­ционарлық, 21 амбула­то­рия­лық-ем­ха­налық ұйым қызмет көр­сетеді.


Маман тапшылығын төмен­дету мақ­сатында былтыр об­лысқа 109 дәрігер тартылып, олардың 36 про­центі ауыл­дық жерлерге жіберіл­ген. Нәтиже­сінде медициналық-сани­тар­лық көмек көр­сету ұйымдарының дәрігерлермен қам­тылуы 90 про­­центті құраған. Сондай-ақ, ке­йінгі 3 жылда дипломнан кейінгі резиден­турада 61 маман, әкімнің арнайы грантымен 100 жалпы тәжірибелік дә­рігер бака­лавриат бойынша білім алуда.


Жоғарыда айтып өткеніміз­дей, пан­демиямен күрес шара­лары ая­сында облыс әкімінің нақты қол­дауымен бір­шама жұ­мыстар атқа­рылды. Атап айт­­қанда, Жалағаш ау­данында 100 тө­сектік аурухана пай­далануға берілді. Жа­лағаш ауданы Ақ­су елді мекенінде және Арал ауданы Шижаға елді ме­кенінде дәрігерлік амбу­латория бой кө­теріп, ел игілігіне қыз­метін бас­тады.


Медициналық көмектің қол­же­тім­ділігі мен сапасын арттыру мақ­сатында өңір­дегі медицина­лық ме­кемелер жал­пы құны 633,9 млн тең­генің құрал-жаб­дықтар­ымен қам­тылды. Оның ішін­де 11 стационарлық, 3 флю­орографиялық рент­ген ап­параты мен 2 УДЗ құрылғысы сатып алынған. Нәтижесінде саланың құ­рал-жабдықтармен қамтылу көрсет­кіші 77 процентке өскен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 70,1 процентті құраған болатын.
Шалғайдағы елді мекен тұр­­­ғын­да­рына медициналық кө­мектің қол­­­жетім­ділігін қам­­­­та­масыз ету мақ­сатында рес­пуб­­ли­калық бюд­жет есебінен 2 жыл­­жымалы медици­на­­лық ке­шен, жедел жәрдемнің қол­же­тім­ділігін арт­тыруда 44 сани­тар­лық авто­көлік сатып алынды.


Осындай жүйелі жұмыс­тар­дың нәти­жесінде облыс рес­публикада корона­вирус инфек­циясының тара­луы бойынша «жасыл аймақ» қата­рынан кө­рініп келеді. Бұл, әрине, облыс басшылығы мен медицина ма­мандарының жүйелі жұмыс нәти­жесі деп бағалаған жөн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<