Көліктік медицинаның көкжиегі кең

270

0

Мемлекет басшысы өз Жолдауында медицинаның дамуына тың серпін берілетінін атап өтті. Әсіресе, ауылдық елді мекендердегі тиімді денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге 3 жылдай уақыт қажет деді. Шын мәнінде, бұл игі бастама. Мемлекетіміздің құндылығы – халық десек, халық үшін бастысы – денсаулық. Елді мекендердегі халық денсаулығы, әсіресе, өзекті.

Мұны мен дәрігер ретінде ғана емес, сол ауылда туып-өскен, еңбек етіп жүрген азамат ретінде айтып отырмын. Көпшілік ауылдардағы тұрғындар қарапайым медици­налық көмекке мұқтаж. Оның үстіне, дәріханалардың жоқ­тығы қиналтады. Өткен­де ғана коронавирус панде­миясының ушығып тұрған кезінде қаншама ауыл адамы дәрі іздеп шарлап кетті. Менің дәрігер ретіндегі арманым осы елді мекенде кабинет ашу болатын. Осыдан 4-5 жыл бұрын сол арманға қол жеткізіп, Махамбет ауылынан шағын клиника мен дәріхана аштық. Сол кезде халық үшін дәріхананың қажеттілігіне тағы бір көз жеткіздім.

Президент алыс елді-мекендерде көліктік медицинаны жаңғыртуды қолға алуды атап өтті. Бұрындары ол сала жақсы дамыған еді. Қазір қайта жаңғыртар болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы, биліктің халықтың мұң-мұқ­тажын тыңдап, заман ағымына сәйкес өзгере білуі қуантады. 

Махмуд

Есенгелдиев,

дәрігер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз