МӘМС: Ұсынылған мүмкіндік ұғынықты ма?

329

0

Елімізде мiндеттi әлеуметтiк мeдицинaлық сaқтандырy жүйeсi (МӘМС) енгiзiлгелi оң өзгeрiс байқaлaды. Тұрғындар aқылы медицинaлық көмектi тегін aла алады, емхaнаны, дәрiгердi таңдау құқығына ие. Сақтандыру қоры арқылы жеке клиникаларға тексерілуге мүмкіндік бар. Алайда, өңірде жүйенің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіріп отырған мәселе жоқ емес.  Ол – сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының әлі де жоғары болуы. Деректерге сүйенсек, облыста 800 мың тұрғынның тек 654 мыңы ғана сақтандыру мәртебесіне ие. Бұл 82,2 процентті құрайды. Оның үстіне әлеуметтік желіде де сақтандыру төңірегінде сауал толастаған емес.

Жедел желі жұмыс істейді

Басты сұрақ дәрігерге алдын ала жазылуға қатысты. Тұрғындар тарапынан «Дәрігерге қалай жазылсам болады? Енді не істеуім керек?» деген сауал көп. Бұл ретте мамандар консультациялық-диагностикалық қызметтерді күту уақыты 10 күнтізбелік күннен аспайтынын еске салды. Мұндай жағдай орын алса, бұл келісімшарт талаптарын бұзуға жатады  және айыппұлға дейін әкеп соғады. Енді көптің көкейінде жүрген «Уақытылы медициналық көмек алу үшін не істеу керек және өз құқығымды қалай қорғаймын?» деген сұрақтарға тоқталсақ. Егер емхана қажетті қызметті уақытылы көрсете алмаса, сіз оны бірлесіп орындау шарты бойынша басқа клиникада алуға құқығыңыз бар. Жолдама ақпараттық жүйеде немесе қағаз түрінде учаскелік дәрігермен беріледі.

Шұғыл болса, онда тек кезек күту тәртібіне жүгінесіз. Сондай-ақ, қызмет көр­сетілетін медициналық ұйымды өз бетіңізше табуға болады. Мұны «fms.kz» ресми сайтынан тексересіз. Қажетті ақпаратты емхананың жауапты қызметкерінен білуге болады. Мынадай жайт кездесуі мүмкін. Егер учаскелік дәрігер сіз таңдаған клиникада бейінді маманға немесе диагностикалық зерттеулерге жолдама беруден бас тартса, емхананың пациенттерді қолдау қызметіне хабарласып, өз құқығыңызды талап етуге болады. Бұл қызмет жергілікті жерлерде осындай мәселені шешу үшін арнайы құрылған. Ал, мұнда түсіністікке жету мүмкін болмаса 1406 нөміріне хабарласа аласыз. Бұл – өтініштерді қабылдайтын қордың жедел желісі. Сонымен қатар басқа байланыс арналары да қамтылған. Ол – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBotв Telegram каналы және «fms.kz» ресми сайты.

Жеке емханалар қызметі қандай?

Әлeуметтiк мeдицинaлық сaқтан­дыру қорының филиaлы өңірде 60 емдеу ұйымымен шарт жaсaсқан. Оның 30-ы – жеке клиника, қалғаны – мемлeкeттiк мeдицинaлық ұйымдaр. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі пакеті шеңберінде 51,2 млрд теңгеге келісім бар. Оның 5,3 млрд теңгесі 30 жеке медициналық ұйымға тиесілі. МӘМС пакеті аясындағы жалпы келісім сомасы – 26,3 млрд теңге. Оның 2,9 млрд теңгесі жеке клиникалар үлесінде. Бұл мәліметтермен әлeумeттік мeдицинaлық сaқтaндыру қoрының рeсми сайтындa да то­лыққанды тaнысуғa мүмкіндік бар. Жоғарыда айтқанымыздай, тiркeу нaуқaны кезiндe әрбір тұрғынға мe­дицинaлық мекеменi жылынa бiр рeт еркiн тaңдaу құқығы берілген. Сондaй-aқ, егeр адaм тұрaқты немeсе уақытшa тұрaтын, жұмыc iстейтiн нeмесе оқитын жeрiн ауыстырсa, бaсқа eлді мeкенгe көшсe немeсе өзi жaтaтын eмхана қaйта ұйымдaстырылсa aуыс­тыруына жағдай жасалған. Бұдан бөлек, «Ресми түрде жұмысқа орна­ласқанмын, жақында жалақысы сақ­талмайтын ұзақ демалысқа шықтым. Сақтандырылған мәртебесін жоғалт­пау үшін не істеуім керек?» деген сауал жолдаушылар бар. Қор маманы МӘМС жүйесіндегі мәртебе соңғы жарнадан кейін 3 ай бойы сақталатынын хабарлады. Қандай да бір себептермен МӘМС жүйесінен шығып қалған жағдайда тегін ме­дициналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемі шеңберінде еңбекке жа­рамсыздық парағын ашуға мүмкіндік жоқ. Мамандардан басты сауалдарға алған жауап осындай. Олардың айтуынша, алдағы уақытта да қажетті мәліметтерді бөлісу, тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру мәселесі күн тәртібінен  түспейді.

ЭКО және МӘМС мүмкіндігі

Бүгінде әлем бойынша 12-20 процентке жуық жұптың бала сүйе алмай отырғаны туралы статис­тика бар. Оның ішінде жартысына жуығы көмекші репродуктивті технологияларға зәру. Біздің елдегі ахуал да мәз емес. Әрбір алтыншы отбасында осы мәселе кездеседі. Оның шешімін табу үшін көбі жасанды жолмен ұрықтандыру процедурасына жүгінетіні де белгілі. Бұл ретте «ЭКО-ны МӘМС аясында тегін жасатуға бола ма?» деген сауал туындайды. Оған «Әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру қоры» КЕАҚ облыс бо­йынша филиал директоры Бақыт Исмаханбет­ов жауап берді. Бақыт Торғай­байұлы биыл елімізде МӘМС есебінен жалпы сомасы 6,2 млрд теңгеге экстракорпоралдық ұрықтандырудың 7 мың циклы жүргізілетінін айтты.

– ЭКО жүргізуге арналған қара­жат балалы болу мүмкіндігі жоқ фертильді жастағы әйелдердің санын ескере келе, бүкіл Қазақстан бойынша бөлінді. МӘМС аясында репродуктивті қосалқы технологиялар қызметін еліміздің 8 қаласындағы 19 клиника ұсынады, оның ішінде 3-уі мемлекеттік және 16-сы жеке­меншік. Өздеріңіз білетіндей, отба­сылық-демографиялық ахуал – мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан болатын. Сол кезде Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, квотаны 7 есеге арттыруды тапсырды, – деді ол.

Республикалық электрондық ден­саулық сақтау орталығының дерек­терін парақтау барысында биыл шілде айы бойынша 2,3 мың пациентке экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізілгенін білдік. Мұнда МӘМС-тің өзге де мүмкіндіктері жайлы көрсетілген. Мәселен, 18 жасқа дейінгі балалар сақтандыру есебінен тісін тегін емдей алады. Өйткені олар жеңілдікті санатқа жатады және қорға аударымды мемлекет төлейді. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер де МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдікке ие санаты ретінде сақ­тан­дырылғандықтан, қымбат диаг­ностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы. Қорыта айтқанда, жаңа жүйе енгізілгелі бетбұрыс бай­қалады. Медициналық көмекті қажет ететін жандардың ақылы түрдегі ем-шараларға бұрынғыдай шығын­далмай, жүйелі емдік сатылар арқылы толық сауығуына негіз бар. Бұл орайда сақтандырудың пайдалы тұсын ескеру маңызды дер едік.

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,

«Сыр бойы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз