Мониторинг тобының жетекшісі: «Мақсат жазалау ғана емес»

1086

0

Оқу жылының IV тоқсаны басталғалы Қызылордада карантин талаптарын бұзудың 29 дерегі анықталды. Бұл туралы мониторинг тобының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева мәлімдеді.

– Облыс орталығының өзінде 1500-ден астам нысан мен тұрғын үйді араладық. Оның ішінде карантин талаптарын сақтамай той және басқа да рұқсат етілмеген мерекелік шаралар жасаған 83 жағдай анықталды. 52 нысанға құзырлы орган әкімшілік шара қолданды. Топ қызметі жазалау шараларынан тұрмайды. Түсіндіреміз, ескерту жасаймыз. Баршаңыздан карантин талаптарын сақтауды сұраймыз, – деді ол.

Бұған қоса, халыққа бетпердесіз қызмет көрсеткен медициналық және мемлекеттік ұйым қызметкерлеріне әкімшілік айыппұлдар салынды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<