МСҚ: ЖАРНА ТӨЛЕУДЕГІ ЖАҢАЛЫҚ

384

0

Қызылорда қалалық ауруха­насы­нда «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйе­сін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты аурухана қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиында А.Рахымов жұмыс берушілер үшін МСҚ-ға аударатын аударымдар мөлшерінің өзгермейтінін және жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жарна төлеуден босатылатынын айтып өтті. Сондай-ақ, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшерінің төмендетілгені белгілі болды. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

Ал, жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары өзі үшін жарна аудармайды. Бірақ, қара­мағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%)

Мемлекет жекелеген санат­тағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26-бабы 2,3 тармақтары).

Сондай-ақ, жиында Елбасы Жол­дауының 7-ші міндетінде нақтыланған «Адами капитал – жаңғыру негізі», ағымдағы жылы ТМККК бойынша сатып алынған медициналық қызметтер, аза­мат­тардың құқықтары мен мүмкіндіктері жөнінде халықты ақпараттандыру, оның ішінде, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдік­тер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алуға еркін таңдау құқығы және «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасы туралы нақты әрі жан-жақты ақпараттар беріліп, түсіндірілді.

Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<