Өткен тәулікте 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

697

0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 7 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген науқастардың 6-уы Қызылорда қаласынан, 1-уі Арал ауданынан. Кешегі тәулік ішінде 8 науқас емделіп шыққан. Оның 6-уы Қызылорда қаласының, 2-уі Жалағаш ауданының тұрғыны.

Жалпы эпидемиологиялық ахуал басталғаннан бері 3487 науқас айықты. 24 сағат ішінде зертханаға 1192 сынама тапсырылған. Оның 482-і тексерілген, қалғаны анықталуда. 26303 қалдық тест қалып отыр.Бүгінгі күні инфекциялық стационарда 37 науқас, реанимация бөлімінде 5 науқас ем қабылдап жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<