Қазақстан COVID-19 бойынша әлемдік рейтингте 221 елдің ішінде 109 орында тұр

757

0

Қазақстан COVID-19 бойынша жалпы әлемдік рейтингте 221 елдің ішінде 109 орында тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде коронавирус инфекциясының өсімі бұрынғыдай жалғасып отыр. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 104 375 866 жағдайы тіркелген. Аурудың өсімі 0,4-ті құрайды. 2 262 093 адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,2 пайызды құрап отыр. COVID-19 бойынша жалпы әлемдік рейтингте 221 елдің ішінде 109 орында тұр», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің дерегінше, Қазақстанда 3 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19-дың оң нәтижесімен 190 359 және КВИ- жағдайымен 48 005 науқас тіркелген. Оның ішінде «КВИ+»-пен ауырған 171 099, ал «КВИ-»-пен ауырған 36 229 науқас жазылып шыққан. «Соңғы тәулікте «КВИ+»-тің 1 228, ал «КВИ-»-тің 107 жағдайы біркелді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы тәуекел қалыпты немесе «сары» аймақта тұр», – деді Ерлан Қиясов.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<