Қазақстанда коронавирус вакцинасынан чип табылды деген ақпарат қаншалықты рас?

870

0

Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чип табылды деген ақпарат – жалған, деп хабарлайды Egemen.kzStopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.

Желіде Қазақстанның барлық тұрғындарына арналған «видеоескерту» тарады. Роликтің авторы чипі бар шприцтерді камераға көрсетеді.

Кадр сыртындағы адам мұндай вакцинациядан кейін «адам бірден тозаққа түседі» дейді. Мұның барлығы – фейк.

Шын мәнінде, ролик авторының көрсеткені – жануарларды чиптеуге арналған жүйе. Оны кадрда көрінетін қаптамадағы жазудан білуге болады: Animal ID, ICAR Certified.

Шприцтегі дәл осындай чиптерді интернет дүкендер мен дәріханалардан оңай табуға болады. Сипаттамада олар ірі қара мен ұсақ малдарға арналған деп жазылған.

Құрылғылар жануарларға тері астына енгізіледі және ақпарат беретін «паспорт» қызметін атқарады. Бұл – шекарадан өткізілетін жануарлар үшін міндетті.

Кейбір елдерде иелері мемлекеттен тыс шығаруды жоспарламаса да кез келген үй жануарын чиптеу қажет.

Сондай-ақ, COVID-19 вакцинасының бір дозасын сатып алып, оны үйге әкелу мүмкін емес екенін атап өткеніміз жөн.

Жаппай вакцинация науқаны әзірге тек Ұлыбритания мен АҚШ-та ғана басталды, онда екпе пациенттерге тек медициналық мекемелерде ғана жасалады.

Қазақстанда азаматтарды вакциналау әлі басталған жоқ.

Бұл видеодағы чип кез келген вакцинаның бөлігі бола алмайтындығын, тек үй жануарлары мен малды тіркеу құралы екенін дәлелдейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<