«Құпия пациент»: МӘМС жүйесі туралы жақсы білетін өңірлер аталды

232

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тамыз айында ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйымда «Құпия пациент» акциясын өткізді.

Қор «Шілде айында медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, медициналық ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тартатыны туралы, тіпті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне кіретін және Қазақстанда тұратын әрбір адамға қолжетімді екендігі туралы халықтың шағымдары жиілеп кеткенін» атап өтті.

Сондықтан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу орны мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК пакетіне кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі туралы білімдеріне мониторинг жүргізуге бастама жасады.

Акция филиалдардың арнайы дайындалған сарапшыларымен медициналық ұйымдарға қоңырау шалу арқылы өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша Жамбыл (78,3%), Павлодар (78%) және Ақтөбе (78%) облыстарының медицина қызметкерлері ең жоғары білім деңгейін көрсетті.

Маңғыстау облысында ең нашар жағдай – бұл көрсеткіш небәрі 27,7% құрады. Сондай – ақ аутсайдер үштігінде Алматы облысы – 46,4% және Алматы қаласы-49%.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Біз үшін пациенттерге қажетті медициналық қызметті алудан заңсыз бас тарту санын азайту, медициналық ұйымдардағы меициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, пациенттерді толыққанды кеңестермен қамтамасыз ету маңызды. Нәтижелер медицина қызметкерлерінің білімін күшейту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қандай да бір жазалау шаралары үшін емес, медицина қызметкерлерін атаулы оқытуға негіз болады» деп атап өтті.

Сарапшылардың жиі ескертулерінің ішінде: кейбір медицина қызметкерлерінің МӘМС пен ТМККК пакеттерінің арасындағы айырмашылықтарды анық түсінбеуі, жарналар мен аударымдарға қатысты дұрыс емес жауаптар, төлем тәсілдері, дербес төлеуші мен БЖТ төлеуші арасындағы төлем айырмашылықтарын түсінбеуі, сақтандырудың мәртебесі және ол болмаған кезде медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы.

Қор «Біз зерттеу нәтижелерін алдық және әр аймақ бойынша талдау жасадық. Жобаның арқасында біз жағдай мен пациенттің көзімен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауға тырыстық. Содан кейін қордың медициналық қызметкерлерге арналған барлық оқыту іс – шаралары әр өңір үшін ескертулерді ескере отырып түзетіледі» – деп атап өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

облыс бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз