Қызылордада науқастардың 80 пайызы індеттен айығып шықты

449

0

Бүгінге дейін коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқас саны – 3199. Оның ішінде Қызылорда қаласынан –1920, Арал ауданынан – 114, Қазалы ауданы– 101, Қармақшы ауданы – 137, Жалағаш ауданы – 111, Сырдария ауданы – 180, Шиелі ауданы – 283, Жаңақорған ауданынан – 353 дерек тіркелген.

Қызылорда облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам анықталды. Оның 3-уі Қызылорда қаласынан болса, 1 науқас Шиелі ауданынан тіркелді. Төртеуі де скринингтік тексеруден анықталған.

Кеше емделіп шыққан науқастар саны – 195. Оның 144-і Қызылорда қаласынан, Жалағаш ауданынан – 18 және Шиелі ауданынан – 33 науқас жазылып шықты.
Жалпы емделіп шыққан науқастар саны – 2556. Ол облыс бойынша індетті жеңген науқастардың 80%-ын құрайды.

Бүгінгі күнге коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғандар саны – 14210, тікелей қарым-қатынаста – 11477, ықтимал қарым-қатынаста – 2733.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен – 47 науқас ем алып жатса, провизорлық стационарда – 192 пациент бақылауда.

Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 689, тексерілгені – 689. Қалдық тест саны – 2833.
Жалпы эпид. маусым басталғалы бері барлығы 73979 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<