Саланы дамыту – салмақты іс

1155

0

Қай кезеңде қандай жағдай болмасын дәрігер мамандығы маңызды рөл атқарады. Биыл елдегі пандемиялық ахуал мұны тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қысылтаяң шақта ақ халатты абзал жандар өздеріне төнген қатерге қарамастан алдыңғы шепте жүрді. Әрине, бұл Гиппократ антын қабылдаған әрбір медицина қызметкерінің міндеті. Антына адал болып, міндетін толық атқаруда дәрігерлер сенім үдесінен шықты деп ойлаймын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина мамандарына қолдауы зор. Елді індет шарпыған тұста міндеті деп қарамай вируспен бетпе-бет келген медицина мамандарына қаржылай көмек беріп, назардан тыс қалдырмады.

Бүгінгі Жолдауында да сала қызметкерлерінің орны айрықша екенін атап өтті. Оның дәрігерлердің қадірін жіті түсінгені, әсіресе, 2023 жылға қарай дәрігердің айлық табысы 2 есеге артады дегеніне ерекше қуандық. Мұның өзі осы салада еңбек етіп жүрген мамандардың көңіліне демеу болғаны анық.

» Бәрінен бұрын елдегі медициналық инфрақұрылым жақсарады» деді. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Тұрғындарға алғашқы көмек беру, елді мекендегі емдеу орны, тапшы мамандарды даярлау ісі, аурухана төсек орындарын 50 пайызға жаңарту, елімізде дәрі-дәрмек өндіру, заманауи көпсалалы медициналық орталықтар салу сынды алда орындалуы тиіс жоспармен бөлісті.

Мұның бәрі уақытылы жүзеге асса елдегі медицина саласының тұраламасы анық. Ал, мұны жүзеге асыруда адалдық пен әділдік керегін мемлекет басшысы баса айтты.

С.Рысалдиев,

 «Alexey Sultan-Akhmet» емханасы директорының орынбасары,

дәрігер-терапевт.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<