Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электронды паспорт енгізіледі – ДСМ

620

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Вакцина салдырғаны туралы мәлімет министрліктің орталықтандырылған ақпарат жүйесіне электрон форматта енгізіледі. Мәліметті пациент және медицина қызметкері m-gov қосымшасында өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі», – деді Цой Үкімет отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді.

Сондай-ақ министр вакцинациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын түсіндірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<