Вакцина – сенімді қорғаныс

602

0

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап №1 қалалық емханада коранавирусқа қарсы «Спутник V» екпесі  салынып  жатыр. Екпені бірінші кезекте  медицина қызметкерлері,  оның ішінде инфекциялық ауруханаларда, жедел жәрдемде жұмыс істейтіндер, санэпид қызметкерлері алуда.

Екпе салар алдында дәрігер  дене қызуын, сатурациясын, қан қысымын, жүрек соғысын, ауыз қуысын тексереді. Егер адамның жағдайы жақсы бол­са, екпе салуға рұқсат беріледі, екпе арнайы бөлмеде салы­нады.

Вакцина алған соң, 30 ми­нут медициналық мекемеде, бақылауда  болады. Екпе са­лын­ған жерді жылы ұстап, сал­қын­нан сақтанып, су тигізбеу керектігі түсіндіріледі.  Вакцина алған соң, екпенің кері әсері болып, өзіңізді жайсыз сезін­сеңіз, қайда хабарласуға бола­тыны жайлы ақпарат жазылған түсіндірме парағы беріледі. Одан соң 3 күн бойы тұрғылықты жеріндегі учаскелік дәрігерінің бақылауында болады. 21 күн­нен кейін екпенің екінші доза­сын салу қажет.

Екпені ауыр аллергиясы бар­ларға, қант диабеті, эпилепсияға шалдыққандарға, қатерлі ісік­пен ауыратындарға, инсульт ал­ғандарға, жүрек-қан-тамыр ауруына шалдыққандарға алуға болмайды.

Аурудың алдын алу үшін  сенімді қорғаныс – ВАКЦИ­НАЛАУ!

Индира АХМЕДОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<