Бұқаралық спорт пен дене тәрбиесіне басымдық беріледі

1241

0

Қазіргі таңда спортпен шұғылданамын деген жас жеткіншектерге жағдай жасалынған. Көптеген елді мекендерде спорт кешендері салынғалы, салауатты өмір салтын ұстанушылар қатары артты.

Мемлекет Басшысы кезекті Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет екенін атап өтті.

Жалпы облыста 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 20 147 оқушы 45 спорт түрімен тегін шұғылданады. Оған қоса Қызылорда қаласы мен аудандарда тұрғындардың барлық жас деңгейін қамтитын бір-бірден дене шынықтыру-сауықтыру клубтары жұмыс жасайды. Келешекте осы бағытта қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп жұмыстарды жалғастырамыз.

Бұқаралық спортты дамытудағы аса маңызды мәселелердің бірі – спорттық инфрақұрылым жасау. Осы орайда биыл мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның бесеуі іске қосылса, қалған жетеуі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 5 жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

Әлемді жайлаған пандемия кезінде дене шынықтырудың маңызы артты, сол себепті біз, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын әр тұрғын бойында қалыптастыруға жұмыс жасайтын боламыз. Ол үшін бар күшті біріктіруіміз қажет.

 Жақсылық Оспанов,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<