Алдаберген Айберген – белбеу күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы

859

0

Өзбекстан Республикасы, Жызак қаласында өткен белбеу күресінен 2001 – 2003 жылы туылған жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлестеріміз Түгіскен ауылының №8 ОРМБЖ мектебінің спортшылары 48 кг салмақта Төлеген Балымай, 66 кг салмақта Жұмахан Жұлдыз, 75 кг салмақта Мамыт Наурызбек, 68 кг салмақта Маукенбай Айберген жүлделі үшінші орынға ие болса, 90 кг салмақта Алдаберген Айберген бірінші орынды иеленді.

Палуандарымыздың жаттықтырушылары Саулебек Атабаев, Бағдаулет Төлегенов, Алмат Әбдіназаров, Нұрқожаев Аслан және аға жаттықтырушысы Садықов Абдусаттар

Бүгін жеңімпаздарды Жаңақорған Денешынықтыру Бөлімінің басшысы Махмұт Рахымжанов, жастар жанашыры Арман Мәжитов күтіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<