Сыр елі алтын баласын күтіп алды!

1023

0

Бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен спорт сүйер қауым Қорқыт ата атындағы әуежайдан Қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» республикалық турнирінде түйе балуандар арасында І орын иеленген Сыр елінің мақтанышы Мақсат Исағабыловты күтіп алды.

Чемпионымыздың құрметіне көптеген жылы лебіздер, құттықтаулар мен арнайы арнау айтылды.Естеріңізге сала кетейік Нұр-Сұлтан қаласында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген қазақ күресінен “Үздіктердің үздігі” турнирында облыстың намысын 5 спортшымыз қорғады.

Нәтижесінде: 55 келі салмақта Төлепов Бекжан – 1 орын және +100 келі салмақта Мақсат Исағабылов -1 орын иеленді.Қос балуан да “Бас балуан” атағына ие болды.Жаттықтырушылары: Кенеев Болатбек Жеңісті күндеріміз көп болғай,

Сыр елі спорты жасай берсін!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<