Бақша еккен жайқалтып

1301

0

Күре жолдың бойында Ақбай атты ауыл бар. Сырт көзге ауыл келбеті ерекше көрінеді. Дґл іргедегі  шаншыла  төніп тұрған биік төбе елді мекенге өзгеше сұс,  адуынды айбат беріп тұрғандай. Бұлай деуімізге себеп те жеткілікті. Ауыл арасында «тау» аталып кеткен осынау төбенің ұшар басында атақты Арыстан бабтың мґңгілік мекені болғандықтан (аңызға  жүгінсек, ґулие бабаның мазары жеті жерде орналасқан деседі), жұртшылық киелі санайды.

Осындай тарихы тереңнен сыр шертетін қоныстың тұрғындары бауырмалдығына қоса өте ең­бекқор. Ауылда төрт түлік асырап, бау-бақша егіп, кәсіп жасап, адал еңбегімен нәпақасын ажыратып отырған жандар аз емес. Ауылдың «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автожолының бойында орналасуы да тұрғындарға  өте қолайлы болып тұр. Әсіресе, бақша өнімдері піскеннен бері  пайдасы бөтен емес. «Қарбыз- қауын – жаздай сауын» дегенді есітуіңіз бар шығар?! Ақбайға жолыңыз түссе, осы қанатты сөздің мағынасына терең қаны­ғасыз. Дәмі тіліңді үйірген бақ­ша дақылдарына сұраныс бар­шылық тәрізді.

Осы жылы  аудан көлемінде 208,5 гектар жерге, оның ішінде Ақирек ауылдық округі (Ақбай ауылы) бойынша 74,5 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Нақтылап айтсақ, 55,3 гектарға  қауын,  19,2 гектар жерге қарбыз өсіріліпті. Осы ретте жыл жаңалығына тоқтала кетсек. Биыл жаңа технологияда Ақирек ауылдық округінде «Арал Отын» ЖШС базасында подпленка әдісімен 8 гектар жерге қауын-қарбыз дақылдары егілген болатын. Нәтижесінде дақылдар жылдағыдан ертерек пісіп, өнім алынуда. Қазіргі кезде Арал қаласы мен ауылдық округтерге сатылымға шығарылуда.

Сонымен қатар, Ақирек ауыл­дық округіндегі «Ақпан», «Жан­арыс», «Құрдастар» және «Нұр-Дана» шаруа қожалықтары жыл сайын аудан тұрғындарын өздері­нің бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде. Ал «Асхат», «Мұра» шаруа қожалықтары өз өнімдерін көршілес Ақтөбе облысына  апарып жүр. Бүгінгі күнге дейін аталған шаруа қожа­лықтары 10 тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін өткізіпті. «Қолы қимылдағанның, аузы қимыл­дайды» деген осы болар.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Арал ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<