БЮДЖЕТ: кіріс көлемі қандай?

357

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновты қабылдады.

Онда департамент басшысы бюджетке түсетін кіріс көлемінің көрсеткіштеріне тоқталып, жоспарлы жұмыстарды баяндады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақта тамыз айына дейін межеленген жоспар 106,4% болып, 4,070 млрд тең­ге артығымен орындалған. Бұл ретте өңірдегі түсімдердің өсу қарқыны 81%-ке жеткен. Оның ішінде республикалық бюджетке 36,556 млрд теңге, жергілікті бюджетке 30,973 млрд теңге өндіріліп отыр.

Қабылдау барысында облыс әкімі экономика салаларынан түсетін түсімдер ба­рысын саралап, ол бойынша са­раптамалық есеппен таныс­ты. Соңғы 6 айда жергілікті бюджеттен түскен түсімдердің 14%-і мұнай компанияларынан құралса, шағын және орта бизнес субъектілерінің түсімі 23%, ал бюджеттік саланың кірісі 28%-ке жеткен.

Құрылыс саласы бойынша кіріс 6,9%, яғни бюджетке бұл саладан 4,115 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ке артық. Сауда саласында да түсім үлесі 19,4%-ке артқан. Ал, ауыл шаруашылығы саласында кіріс 1,6%, 966 млн теңге болса, өткен жылдан 242 млн теңгеге артық.

Карантин жағдайы жыл­дық жоспардың орындалуына да әсер етіп отыр. Жергілікті бюджеттің жылдық жоспары 47,650 млрд теңгені құрады. Дегенмен, төтенше жағдайға байланысты шілде айында жоспар 3,058 млрд теңгег азай­тылып, 44,852 млрд теңге болды. Әйтсе де қосымша ре­зервтер есебінен салықтық жә­не кедендік әкімшілендіру нә­тижесінде мемлекеттік бюд­жетке 5,660 млрд теңге қо­сымша қаржы түскен.

Мұнай өндіру көлемінің тө­мендеуі және нарықтағы шикі мұнай бағасының тұрақ­сыз­дығы салықтық түсімдер­дің азаюына алып келуде. Мәселен, мұнай компанияларынан түсетін салықтық түсім өткен жылы 29%-ті құраса, биылғы жылдың бірінші жар­ты­жылдығында 14% болған.

Департамент тарапы қазір­гі уақытта түсім көлемін ме­желі орындау үшін салық тө­леушілер жанынан 28 баcым бағытта «Мақсатты топтар» белгілеп, әкімшілендіру істе­рін жүргізіп, түсім көлемін төмендетпеу бағытында жұ­мыс жасауда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<