Кәсіпкерлік әлеуеті біліктілікке байланысты

665

0

Бүгінгі уақыт, жаңа индустриалдық революция қай салада болмасын мамандардың кәсіби біліктілігі жаңа деңгейде болу керегін көрсетті. Бұл бәсекелестік орта қалыптасқан бизнес өкілдеріне де қатысты.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен әдіс­тері ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу барысында жетілді­ріледі. Бүгінде елімізде кә­сіп­керлік әлеуетті дамыту мә­селелеріне ерекше басым­дық берілуде. Осы орайда, кәсіпкерлер санының ар­туы, бизнестің сәтті дамуы мем­лекеттің тиімді бағдарла­ма­лар қабылдауына және жа­ңа заманға сай білім беру жүйесіне тікелей байланысты болмақ. Қазір елімізде эко­но­миканың болашағы зор сек­торы саналатын шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлінуде.

Соңғы жылдары отандық білім беру мен бизнес саласы арасындағы әріптестік бай­ланыс күшейіп келеді. Мұн­дағы басты міндет – ел эко­номикасының дамуына қа­жет мамандар даярлау. Бұл бағыт­тағы жүйелі жасалған жұ­мыс­тар екінші жағынан ай­мақтық бәсекені арттырары сөзсіз. Дей тұрғанмен, еліміз­де кәсіптік білім беруді көз­дейтін стандарттарға енді ғана көңіл бөлінуде. Осы ретте ірі кәсіпорындар кәсіптік білім беру жүйесіне қыруар қаржы салып, жас мамандарды даяр­лау ісіне белсене қатысуда.

Білім беру жүйесін дамыту үшін елімізде аталған сала құрылымдық, мазмұндық ба­ғытта жаңаруда. Озық әлемдік технологиялар енгізіліп, ау­қымды жұмыстар жасалып жатыр.  Осы мақсатта қабыл­дан­ған білім беруді дамыту­дың мемлекеттік бағдарлама­ла­ры аталған мәселелерді ше­­шуге арналған қарқынды жо­ба болып табылады. Қай уақытта да маманның білі­мі мен кәсіби біліктілігі – эко­­но­мика дамуының бас­ты тетігі екені белгілі. Сон­дық­тан жо­ғары оқу орын­дары мен әлеуметтік серік­тестіктер бай­ланысының жақ­сарған­ды­ғы игі бастамалар мен кә­сіп­керліктің қанат жаюына әке­летіні анық.

Қамар БЕКЕТОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<