Кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана бастады

598

0

Пандемияға байланысты елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты бірқатар кәсіпкерлер қызметін уақытша тоқтатқан болатын.

Қызылорда облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы қаулысына сәйкес, карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін өңірдегі кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қайта жандана бастады.

Облыс бойынша 9743 нысанның жұмысын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Ол үшін бизнес иелері www.infokazakhstan.kz порталына өтініш беру қажет. Осы уақытқа дейін 4292 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде, Қызылорда қаласныан -2218, Арал ауданынан – 408, Қазалы ауданынан – 453, Қармақшы ауданынан – 259, Жалағаш ауданынан – 210, Сырдария ауданынан – 146, Шиелі ауданынан – 289, Жаңақорған ауданынан – 309 өтінім түсті. Қазіргі таңда 3312 өтініш бойынша шешім қабылданды. 394 өтініш қаралу үстінде.

Ал 338 өтініш бойынша шешім мониторингтік топтың қарауынан кейін қабылданады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<