KMF қазақстандықтар үшін екі түрлі жеңілдік жариялады

941

0

Қазақстандағы жетекші микроқаржы ұйымы «Сізге және бизнесіңізге арналған екі түрлі жеңілдік» акциясын жариялады. Бұл акцияның аясында пайыздық мөлшерлемеге 5 пайыз жеңілдік алып, келесі микрокредит үшін тағы 5 пайыз жеңілдікті брондауға болады.

Қазақстандық микроқаржы ұйымы ұсынып отырған акция 2021 жылдың 1 шілдесі мен 15 тамызы аралығында өтеді. Акция аясында 5 пайызға төмен жылдық мөлшерлемемен микрокредит алуға болады.

Ең бастысы, KMF акция кезінде жеңілдікпен микрокредит беріп қана қоймай, келесі микрокредит үшін тағы 5 пайыз жеңілдікті брондайды, тек ол микрокредитті біріншісін төлеп болғаннан кейін және 2022 жылдың 15 тамызына дейін рәсімдеу керек.

Осылайша, кез келген қазақстандық бизнесін дамытуға, ұлғайтуға немесе тұтынушылық мақсатқа қажетті микрокредитті төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен ала алады. KMF ұсынып отырған «Екі түрлі жеңілдік» акциясы шеңберінде 5 жылға дейінгі мерзімге 300 мыңнан 10 миллион теңгеге дейін алуға болады.

Сондай-ақ, бұл акция арқылы 100 мың теңгеден жоғары көлемде өзге қаржы ұйымынан, мысалы, МҚҰ немесе банктен алынған кредитті пайыздық мөлшерлемеге 5% жеңілдікпен қайта қаржыландыруға болады.

Пайыздық мөлшерлемесі төмен микрокредитті алуға өтінімді KMF сайты, KMF МҚҰ қосымшасы (Android және iOS үшін) немесе 8 701 801 7474 номерлі WhatsApp байланыс орталығы арқылы беруге болады.

Акцияға қатысты қосымша сұрақтар болса, 7474 номерлі KMF байланыс орталығына хабарласуды өтінеміз.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін №02.21.0003.M лицензияны

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<