Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба қабылданады

779

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов елде  кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл сайын 700 мың адам 2017 жылы қолданысқа енген «Еңбек» бағдарламасы аясында оқыту, жұмысқа орналастыру, тұрақты жұмыс орнын табу  шараларымен қамтылады.

«Биыл аталған бағдарламаның жұмысы аяқталады. Дегенмен, жұмыспен қамтудағы оның маңыздылығы мен тиімділігі ескеріле отырып, Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы іске қосылады. «Еңбек» бағдарламасындағы барлық бастамалар ұлттық жоба шеңберіне қосылады. Ол Мемлекет басшысы жарлығымен қабылданып, жобалық басқару әдістері енгізіледі. Қазірдің өзінде алдағы 5 жылға арналған есептеу бар. Іс-шаралар толық жазылып, жоспарланған», деп түсіндірді вице-министр.

Оның айтуынша, жобалық басқарудың барлық құралдары келесі жылдан бастап жүзеге асырылады.

«Цифрландыру бойынша, жұмыс берушінің талаптарымен оқыту бойынша барлық құралдар ұлттық жобада көрініс табады. Яғни, «Еңбек» бағдарламасы жаңа форматта жалғасын табады», деді Ержан Біржанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<