Сарапшы: Несиенің пайызын төмендетіп, санын азайту керек

957

0

Жауапсыз несие беруді тоқтату керек. Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы несие саясатының жаңа сипатта дамуы – теңгенің құндылықтарына деген сенім. Ол валюта бағамының күрт өзгере бермейтінін білдіреді. Президент ең алдымен осы қаржы несие саясатын өзгертуге баса назар аударып отыр», – дейді Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев.

Оның айтуынша, жауапсыз несие беруді тоқтату керек

«Бұл әлеуметтік жағынан да, экономикалық тұрғыда да қауіпті. Мүмкін оның пайызын төмендетіп, санын азайту керек шығар», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<