TengriBank-тен 5,4 млрд теңге ұрланған

868

0

Қаржы мониторинг комитетінің «TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Комитетке сілтеме жасап.

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен құрылған ведомствааралық жедел-тергеу тобы «TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты банктің 5,4 млрд теңге қаражатын жымқыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен 2 айға дейін қамауға алу бұлтартпа шарасы:

– Банктің бұрынғы Төрағасының орынбасары Бахтияр Әбдінұрұлы Ильясовқа;

– Банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Әсет Өрісбайұлы Жадықовқа;

– Банк қызметкерліренің бақылауындағы мекеме басшысы Назгүл Маманшалқызы Жылқыбаеваға (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған) санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<