348 жобаның несиесін субсидиялады

196

0

Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысам деген жандар үшін барлық жағдай жасалған. Төтенше жағдайдан соң еңсе көтеруге тырысатын бизнес үшін де мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мол.

Бұл мақалада біз дәл қазір кәсіпкерлер қол жеткізе алатын қолдау құралдары мен мемлекеттік бағдарламалар жайлы айтпақпыз.

Даму Қоры өз бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, бұқараға мемлекеттен көрсетілетін  демеу құралдарын насихаттап келе жатқанына 20 жылдан асты.

– Бұл қолдау отандық тауар өндірушінің аяғына нық тұрып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мұрындық болып, бұрыннан келе жатқан жұмыс орындарының жабылмай, сақталуына сеп болып келеді. Мемлекеттік және қордың өз бағдарламалары аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру жеңілдікті негізде жүзеге асырылады. Яғни, төмен пайызбен, ұзақ мерзімге несие беріліп, пайыздық мөлшерлемелері субсидияланып, банк талап еткен кепілзат жетпеген жағдайда кепілдік ұсынылады, – дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев.

Кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау төрт бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:

  • «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (7 млрд теңгеге дейін. Субсидияны есептегенде 6%. 5 жылға, салалық шектеусіз, сауда саласын қоспағанда);
  • «Қарапайым заттар экономикасы» (несие сомасына шектеу жоқ, Субсидияны есептегенде 6%, 10 жылға, басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар субсидияланады);
  • «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламасы (құрылыс компанияларының несиелері субсидияланады, несие сомасына шек жоқ. Субсидия көлемі 7%, 3 жылға);
  • «Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы (қуат көзін үнемдеу, энерготиімді жобаларды жүзеге асырумен айналысатын, осы салада тәжірибесі мол кәсіпкерлердің несиесі субсидияланады. Несие сомасы 350 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесінің 10% немесе негізгі қарыздың 40%-ына дейін).

2010 жылдан бастап «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлердің несиесіне кепілдік беру құралын енгізді. Бұл – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы болып саналады және банк талап еткен кепілзат жетпеген жағдайда кепіл болады.

Несиеге кепілдік беру құралы:

  • «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (1 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 85%-ынан 50%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты салалық шектеусіз, сауданы қоспағанда);
  • «Қарапайым заттар экономикасы» (5 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 30%-ынан 50%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар);
  • «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (несие сомасы 6500 мен 8000 АЕК, қай өңір екеніне қарай. Бұл несие бойынша кепілдік 85%-ға дейін, несиенің мөлшерлемесі 6%);
  • «Даму Оптима» бағдарламасы (несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік, Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты.  Несие сомасы 180 млн теңгеге дейін, кепілдік үшін комиссия несие бойынша негізгі қарыз қалдығынан 2,5%).

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеевтің айтуынша Қор сондай-ақ банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы «Еңбек» бағдарламасы, ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша, 17 өңірдегі аймақтық бағдарламалар бойынша жеңілдікпен несие беру бағдарламаларының операторы.

Субсидиялау құралы бойынша ТЖ режимі кезеңінде қор 72,4 млрд теңге сомасына 348 жаңа жобаны қолдады және 324 млрд теңге сомасына 2250 жоба бойынша қайта құрылымдау ұсынысын мақұлдады.

Кепілдік беру бойынша 10,2 млрд.теңге сомасына 173 жоба қолдау тапты, берілген кепілдік сомасы 4,3 млрд. теңгені құрайды.

Қор кепілдік беру жобалары бойынша 2 637 жоба бойынша 80,2 млрд.теңге несие сомасына қайта құрылымдауды мақұлады, кепілдік сомасы 36,3 млрд. теңге.

Айта кетейік, кәсіпкерлер өз өтінімдерін egov.kz және online.damu.kz портал арқылы online жібере алады. Сондай-ақ, онлайн режимде www.damu.kz, www.online.damu.kz веб-сайттарда кеңес алып немесе бірыңғай Call-орталыққа 1408 нөмірі арқылы қоңырау шала алады (қоңырау шалу тегін).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз