Жалақы арттыруға 144 миллиард теңге бөлінді

368

0

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
 «Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ, басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады», – делінген хабарламада. 
 Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 миллиард теңге көзделген. 
«Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болды. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап – 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21 пайызды көрсетеді. Екінші мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, 1 маусымға дейін ол 58 984 теңге алса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап жалақы 76 114 теңгені көрсетеді, бұл жерде жалақы өсімі – 17 130 теңге немесе 29 пайыз»», – деді ведомстводағылар.  
Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<