Конкурс өткізу туралы хабарландыру

427

0

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ

Электрондық пошта мекенжайы: dkb401059@mail.kz

байланыс телефоны: 8 (724) 260-54-08, 40-11-91 (5778).

Конкурстың нысанасы: 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын кәсіпкерлер, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: Qoldau.kz бизнес үшін цифрлық платформа.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 2022 жылғы 19 тамыз аралығында.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдануға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ facebook, instagram (business.kzo) әлеуметтік желісіндегі парақшаларында танысуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<