Қызылорда облысының кәсіпкерлерінің назарына!

417

0

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ.

Электрондық пошта мекен-жайы: upp@korda.gov.kz

Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08.

Конкурстың нысанасы: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны:kezekte.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы электронды түрде.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады (ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы №1060 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес).

Өтінімдерді беру мерзімі: 2023 жылғы 04 қыркүйектен бастап 2023 жылғы «08»қыркүйек (қоса алғанда) аралығында.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/events/details/21318?lang=kk

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<