3 градусқа дейін үсік жүреді

607

0

Қазгидромет 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік – батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпісақталады.

Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<