Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)

543

0

Adaldyq alany жалпы республикалық жобасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойын­ша кеңес өтті, деп ха­барлай­ды Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің бас­па­сөз қыз­меті.

Кеңес жұмысына вице-минис­трлер және өңірлер әкім­дерінің осы жобаны іске асыруға жауапты орын­­­басарлары, орталық мем­­л­­екеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің бас­шылары, әдеп жөніндегі уә­кілдер және жұртшылық өкіл­дері қатысты.

Кеңес барысында респуб­лика­лық жобалық кеңсенің басшысы Төлеген Байғұлов жобаны іске асырудың оң нәти­желерін атап өтті.

«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың пәр­­мен­ді құралы ашықтық пен айқындық болып табылатынын ескере отырып, Adaldyq alany рес­пуб­ли­­калық жобасы аясында мемлекеттік аппарат­тың клиент­ке бағдарлануын қам­та­масыз етуге ерекше назар аударылды. Осылайша, 317 әкімдіктің сервистік жұ­мыс моделіне көшкенін атап өткен жөн. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудан­дар жүз пайыз қамта­ма­сыз етілді», деді ол.

Жоба үйлестірушілерінің айтуынша, атқарылған жұ­мыс мемлекеттік қызмет­тер­­­дің қолжетімділігін қам­­­та­­масыз ете отырып, шенеу­нік­тердің ұйым­дас­ты­ру­шы­лық мәдениетін көте­ру­ге мүм­кіндік берді.

Жобалық кеңестердің менеджерлері мемлекеттік көр­­сетілетін қызметтерді үде­мелі цифрландыруды жал­­ғастырып, оның дең­гейі өткен жылдың қорытын­ды­­сы бойынша 93 пайызды құрады.

Жобаға қоғам белсен­ді­ле­рінің қатысуы арта түскен. 80 мыңға жуық ерікті сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларына атсалысып жүр. Adaldyq alany өңірлік жобалық кеңселерінің же­тек­­ші­лері өңір әкімдерінің штат­тан тыс кеңесшілері болып тағайындалған.

Азаматтардың әлеуметтік маңызды мәселелер бойын­ша қоғамдық мониторинг­тер­ге бастамашылық жасау­ға және оған қатысуға мүм­кін­дік туғызылған. Олар өткен жылы дәрі-дәрмек­пен қам­­­­тамасыз ету, қашықтан оқы­­туды ұйым­дас­ты­ру, жол құ­ры­лысы және басқа өзек­ті мә­се­лелерді ба­қы­л­ауға тіке­лей қатысты.

Жобалық кеңселердің туындаған проблемаларды шешу үшін кез келген адам жүгіне алатын Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшалары бар. Оларға өткен жылы жүгінген 11 500 азаматтың 80 пайызы сыбайлас жемқорлық тәуе­келдерімен байланысты түйт­кілді мәселелердің оң шешіл­уіне ұйытқы болған.

Өңірлерде жобаны іске асырудың оң нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ве­дом­ство басшысы Алик Шпек­баев вице-министр­лер­ді осындай жұмысты министр­ліктер деңгейінде ұйымдас­тыруға шақырды. Оның айтуынша, жобалық кеңселер бюджет қаража­ты­ның жұмсалуын ба­қы­лау­да, сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерін болдыр­мауда және мемлекет­тік қы­з­мет­терді цифрлан­ды­­руды жеделдетуде, ке­дер­гі­сіз фронт-офис­тер­ді ен­гізу арқылы ха­лық­қа қыз­мет көрсетудің сер­­вис­тік моделіне көшуде аза­мат­­­­тық қоғамның кеңі­нен қатысуымен сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы бас­та­ма­лар­дың генерато­ры бо­лу­ға тиіс. Бұл өз кезе­гін­де орталық ат­қа­рушы орган­дар­дың жұ­мысын ашық­тық және ха­лық­қа есеп беру жа­ғына қарай түбегейлі өзгер­те­ді.

Сондай-ақ Алик Шпек­баев ел басшылығына жолдау үшін сыбайлас жем­қор­лық­ты азайтуға аса ықылас танытпаған басшылар туралы ақпарат дайындау туралы тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<