Әлем чемпионымен жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлына ұсыныс түсті

211

0

Фото: Top Rank

LDUBB Boxing YouTube бокс арнасының авторы Буг Уильямс әлеуметтік желіде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жасады. Кazinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Уильямс Boxingscene.com порталында Әлімханұлының WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» белбеу иегері, Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адаместі (23-1, 18 КО) сынға алғаны туралы баяндалған жарияланымға жауап берді.

«Ақпан айындағы жекпе-жекке дайындал», – деп жазды Уильямс X әлеуметтік желіде.

Ол осы арқылы Әлімханұлына Адамеспен 2024 жылдың қысында болатын жекпе-жекті меңзеді.

Айта кетейік, Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырды, алайда қазақстандық спортшы өзі толыққанды әлем чемпионы болмағандықтан, доминикандықпен жұдырықтасуға құлшыныс танытпай отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<