Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру

807

0

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ы Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы «1411» Байланыс орталығының «1414» Бірыңғай байланыс орталығының техникалық платформасына көшуі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «1411» қысқа нөмірінің жұмыс істеуі тоқтатылды. Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер алу үшін «1414» нөмірі бойынша хабарласып «5» батырмасын таңдап у қажет, онда зейнетақы мен жәрдемақы мәселелері бойынша консультация беру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады – #1 батырмасы, еңбек қатынастары және жұмыспен қамту бойынша #2 батырмасы.

Бұл ретте, ұсынылатын ақпараттық-консультациялық қызметтер спектрі сақталған және мынадай мәселелерді қамтиды:

– зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру;

– әлеуметтік сақтандыру;

– көп балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы;

– атаулы әлеуметтік көмек;

– еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<